Өскеменде полицейге күш көрсеткен екі жігіт ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жол апатына түскен ер адамдар оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қабылдап көлік тізгіндеген 22 жастағы жігіт Сәтбаев даңғылында келе жатқан. Рульге ие бола алмай қалған ол жол шетіндегі көгалға шығып кетті.

«Оқиға орнына полицейлер келіп жеткен. Сол кезде көліктен шыққан екі ер адам тәртіп сақшыларына бағынбай, күш қолданды. Қастарында бір қыз болған. Қазіргі уақытта олар ұсталып, изоляторға қамауға алынды», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабына (Билік өкіліне күш қолдану) сәйкес тергеу басталды. Ер адамдар 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ, көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да контрабандалық қарудың 65 дана оптикалық көздеуіші тәркіленгенін хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар