Өскеменде патрульдік көлік жол апатына ұшырады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында патрульдік көлік жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты 22 қазанда сағат 19:25 шамасында болған. Элеваторная көшесімен келе жатқан «Мersedes» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі солға бұрылған кезде «жол беру» белгісіне мән бермей, бас жолдың оң жақ жолағындағы облыстық ПД патрульдік полициясының қызметтік көлігімен соқтығысқан. Осының салдарынан патрульдік автокөлік жолдың сол жақ жолағындағы «ВАЗ 21144» көлігіне соғылды.

«Жол-көлік оқиғасынан патрульдік автокөліктің жолаушысы, полиция инспекторы дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.



Соңғы жаңалықтар