+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Өскеменде пәтерден 19 млн теңгенің мүлкін ұрлаған үш адам ұсталды

2021 жылғы 22 қазан 21:34
Бөлісіңіз:
Өскеменде пәтерден 19 млн теңгенің мүлкін ұрлаған үш адам ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында пәтерден 19 млн теңгенің мүлкін ұрлаған үш адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мектептен қайтып келе жатқан: Алматыда ер адам оқушы қызды тонаған Елорда шіркеулерінің бірінде тағы ұрлық жасалды Жамбыл облысында зауыттан натрий триполефосфатының 484 қабы ұрланған

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына хабарласқан тұрғын пәтерін белгісіз біреулердің тонап кеткенін жеткізді.

Есікті бұзып ішке кірген олар 19 млн теңгенің мүлкін ұрлап кеткен.

«Аталған факті бойынша дереу ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігіне сәйкес (аса ірі көлемде жасалған ұрлық) тергеу амалдары басталды. Іздестіру шаралары барысында 3 күдікті ұсталды. Олардың бірі Жарма ауданы Жаңаөзен ауылының 47 жастағы тұрғыны болса, 36 жастағы екеуі - Өскемен тұрғыны. Ер адамдар өз кінәсін толық мойындап отыр», - деді басқарма бастығы Андрей Мула.

Тергеу барысында күдіктілердің бірінің саяжайында заңсыз сақталған қару анықталды.

Тінту жүргізген полицейлер 9 мм калибрлі тапанша мен үш оқ тапқан. Зауыттық әдіспен жасалған қару атуға жарамды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT