Өскеменде өзіне қол жұмсамақ болған жігіт көпірден секірді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері көпірден суға секірген ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше сағат 22.50 шамасында полицияға Үлбі көпірінен ер адамның секірейін деп тұрғандығы туралы хабар түсті. Оқиға орнына тәртіп сақшылары Бекарыс Абдолданов, Азат Артамбаев пен Дидар Болатбаев шұғыл келіп жетті.

«Полицейлер жігітті әңгімеге тартып, теріс қадамға бармауға шақырды. Сол кезде көпірдің астына криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ерік Ерсаинов пен Аян Сембаев келіп жетті. Кенет сөзге құлақ аспаған азамат көпірден секіріп, суға құлады. Бұны көрген Ерік лезде киімін шешіп, құтқаруға ұмтылған. Көп ұзамай оны ұстап алып жағаға жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

23 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді. Соңынан белгілі болғандай, оның мұндай қадамға баруына сүйіктісімен ренжісіп қалуы себеп болған.


Соңғы жаңалықтар