Өскеменде өзен бойымен трамвай жүре бастады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Өскемендегі Ертіс өзені бойымен трамвай жүре бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жобаны қала әкімдігі мен «БелАлекс» компаниясы бірлесіп жүзеге асырған. Трамвай күн сайын өзен вокзалынан таңғы 9:00 бен 21:00 аралығында жолға шығады.

«Бұл қызмет түрін өскемендіктер ұмыта бастаған еді. Осыдан 30 жылдай уақыт бұрын Ертісте трамвай жүрмей қалған болатын. Ол кезде халық өзен трамвайымен жиі саяхаттап, діттеген жеріне жететін. Енді міне, ерекше көлік қайтадан жолға шықты», - деп еске алады компания басшысы Олег Белов.

Әкімдіктің хабарлауынша, трамвай қозғалысы екі бағдар бойынша жүргізіледі. Біріншісі - Ертіс бойымен үздіксіз серуендеп, вокзалға қайта оралу. Ол бір сағатқа созылады.

Ал екінші бағыт бойынша жолаушылар «Самал» саябағында аялдап, сосын өзен вокзалына қайта оралады.


Фото: yk-news.kz


Соңғы жаңалықтар