Өскеменде өртенген вагон ішінен ер адамның мәйіті табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында темір вагон ішінде өрт шығып, 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңғы сағат 04.00 шамасында «Титан» саяжай қауымдастығы аумағында өрт болған. Анықталғандай, вагон ішінде жиһаз бен жеке заттарды жалын шарпыған.

Тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер 1980 жылғы ер адамның күйген денесін тапты.

«Жалпы ауданы 6 шаршы метрді құраған өрт сөндірілді. Бұл контейнер электрлендірілген болып шықты. Қызыл жалынның шығу себебі – отпен абайсыз әрекет етуден немесе электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте ТЖД тұрғындарға электр құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.


Соңғы жаңалықтар