Өскеменде өртенген үйден әйел құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 3 жігіт өртенген үйдегі әйел адамға көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт 12 наурызда Протозанов көшесінде орналасқан 9-қабатты үйдегі пәтерде шыққан.

«Сол маңда жүрген үш жігіт пәтерден шыққан қою түтінді көріп, балконның карнизінде ілініп тұрған әйелді байқап қалады. Берік Сағымбаев, Дарын Жәнібеков, Бектемір Әлібеков ойланбастан көмекке ұмтылған. Подьезге жүгіріп кіріп, өрт шыққан жерден бір қабат төмен орналасқан көрші пәтердің есігін қағады. Дереу балконға барған Берік Сағымбаев әйелді ұстап үлгерген. Оған достары Дарын және Бектемір көмектесті», - делінген ақпаратта.

Медициналық колледжде оқып жүрген Дарын жылап, қатты қорыққан әйелге алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін подъездегі пәтерлерді түгел аралаған үш ер адам тұрғындарға өрт туралы хабарлап, үйден шығу қажеттігін жеткізді.

Көп ұзамай оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жетіп, қызыл жалынды толықтай ауыздықтады


Соңғы жаңалықтар