Өскеменде өртенген үйде қалып қойған мүгедек адамды көршілері құтқарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өртенген үйде қалып қойған мүмкіндігі шектеулі ер адамды көршілері сыртқа алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін түс кезінде Назарбаев даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті.

«Өрт сөндірушілер келгенге дейін 1971 жылғы мүгедек ер адамды көршілері Роман Томилов пен Артур Зубко құтқарған. Олар есікті бұрауышпен ашып кіріп, үй иесін сыртқа алып шықты. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері улану белгілері бар мүмкіндігі шектеулі азаматты ауруханаға жеткізді», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай құтқарушылар 2 шаршы метр аймақты шарпыған қызыл жалынды ауыздықтады. Алдын ала мәлімет бойынша өрт – от жағу кезіндегі салақтықтан пайда болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар