Өскеменде өртенген пәтерден 2 адам құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өртенген пәтерден 2 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 ақпанда Менделеев көшесінде орналасқан үшқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шыққан.

«Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер түтін тұмшалаған бөлмеден 57 жастағы ер адам мен 92 жастағы кейуананы бірден сыртқа алып шықты. Екеуі апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылды. Медицина қызметкерлері тұрғындарды тексеріп, олардың өміріне ешқандай қауіп жоқтығын айтты», - делінген хабарламада.

Көп ұзамай 1 шаршы метрді құраған тілсіз жау ауыздықталды. Анықталғандай, өрттің шығуына – отпен абайсыз әрекет ету себеп болған.


Соңғы жаңалықтар