Өскеменде өртенген бес қабатты үйден 10 адам құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 қаңтарда сағат 02:36-да Қабанбай батыр көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде жеке заттар мен жиһазды жалын шарпып жатқан. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кіріскен.

«Арнайы сатының көмегімен 9 адам құтқарылды. Сондай-ақ 6 адам, оның ішінде 5 бала сыртқа шығарылды. Өрт шыққан пәтердің 67 жастағы иесінің денесін күйік шалған. Қазір ер адам ауруханаға жатқызылды. Ал оның 74 жастағы көршісіне иіс тиген. Дәрігерлер тексеруінен кейін әйел үйіне жіберілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Жалпы 15 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау сағат 03:31-де сөндірілді. Оны сөндіруге жеке құрамнан 19 маманы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі мәлімет бойынша өрттің шығуына – өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан немесе бөлмеде темекі шегу себепші болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар