Өскеменде орталық базар алдындағы дүңгіршектердің жұмысына тыйым салынбақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында орталық базар алдындағы дүңгіршектердің жұмысына тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, биыл Қазақстан көшесін кешенді абаттандыру жоспары бекітілген. Соның аясында көшені бірқатар өзгеріс күтіп тұр.

«Көлік және трамвай жолдары жөнделіп, жиектастар ауыстырылып, өтпелі тротуарлар ретке келтіріледі. Орталық базардағы жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылып, жылы аялдама кешені орнатылады», - дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар.

Оның айтуынша, орталық базар алдындағы дүңгіршектердің жұмысына тыйым салынады. Себебі олар тауарларымен жолды жауып, тұрғындарға кедергі келтіруде. Сондықтан олар базардың ішінде орналасатын болады.


Соңғы жаңалықтар