Өскеменде өрт сөндірушілер түтінге тұншыққан кейуананы құтқарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Кеше Өскеменде өрт сөндірушілері түтінге уланған 1933 жылы туған әйелді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖБ-на сілтеме жасап.

Пәтер терезесінен шыққан түтінді байқап қалған көршілер өрт сөндіру қызметін шақырған. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер есікті қағып, ешкім жауап бермеген соң түтін шыққан төртінші қабаттағы пәтерге баспалдақтың көмегімен кірді. Еденде ес- түссіз жатқан қарт әйелді көрген олар дереу көшеге шығарып Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды. Тексеруден кейін әйел ауруханаға жатқызылды.

Белгілі болғандай, кейуананың қызы пеште тамақ қалдырып кеткен. Ал пеш бірнеше сағат бойы қосулы тұрған.

Соңғы жаңалықтар