Өскеменде өрт сөндірушілер отқа оранған үйден 3 газ баллонын шығарып үлгерді

Фото: None
ӨСКЕМЕН.ҚазАқпарат - Өскеменде бір тәулікте екі өрт оқиғасы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қаланың ТЖ басқармасына сілтеме жасап.

Бірінші өрт Левобережная көшесінде орналасқан жер үйдің ауласында болып, гараждың ағаш бөліктері, құрылыс вагоны, «Урал» мотоциклының бөлшектері өртенген. Үй иелері үйлерінде болмай, өрт жайлы көршілері хабарлаған. Өрт сөндіру машиналарына үйге жету қиындық туғызды. Олар тау жолы ойлы-қырлы әрі бұралаң болғандықтан, оқиға орнына 40 минуттан артық уақытта жетті. Тілсіз жау ауыздықталып, өрт сөндірушілер үйдің ішінен үш газ баллонын алып шығып үлгерді, зардап шеккендер жоқ. Өртенген жердің жарпы аумағы 100 шаршы метр.
 

Өрттің орын алу салдары анықталып жатыр.

Екінші өрт қала орталығындағы Тәуелсіздің даңғылында болды: жатақхананың 5-інші қабатындағы баспалдақ алаңында орналасқан балкон есігінің ағаш жақтаулары өртенді. Жалын 0,5 шаршы метр аумақты шарпыды. 

Соңғы жаңалықтар