Өскеменде өрт сөндіру көлігінің үздік жүргізушісі анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өскеменде өрт сөндірушілер жылдамдықты маневрлеу бойынша жарысты. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жарыс жыл сайын өткізіледі. Бұл өрт сөндірушілерге өз мүмкіндіктерін тексеруге мүмкіндік береді. Өртті сөндіру кезінде көп нәрсе жүргізушінің жинақылығына және оның шеберлігіне байланысты. Оның негізгі міндеті – қысқа мерзімде жеке құрамды және өрт сөндіру құралдарын ТЖ өрт болған жерге қауіпсіз жеткізу. Әсіресе, бұл қалалық жерлерге қатысты. Өрт сөндіруші-жүргізушілер кез келген секундта шақыртуға шығу үшін әрдайым жедел әзірлікте болуы тиіс. Арнайы техниканың жағдайын міндетті түрде бақылауы керек. Өрт сөндіру автомобилі жеңқұбыр желісін мүмкіндігінше жақын орналастыруға мүмкіндік беріп, қажетті қысымды жоғалтпауы үшін оқиға орнына дұрыс кіре білуі де маңызды», - дейді ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы Айдос Нүсіпбаев.

Жарысқа Өскеменнен 8, Глубокое және Ұлан аудандық 2 бөлімнің өрт сөндірушілері қатысты. Олардың кедергілер жолағынан өту жеделдігі ғана емес, сонымен қатар теориялық білімі де бағаланды.

Жарыс екі кезеңде өтті – жол жүру ережелерін білу, кезекшілікке түсу кезінде көбік араластырғышты тексеру және жылдам маневр жасау, сорғымен су беру.

Нәтижесінде, №10 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау сержанты Сырым Смағұлов жеңімпаз атанды.


Соңғы жаңалықтар