USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Өскеменде өрт шыққан үйден әйел мен бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды

2021 жылғы 5 желтоқсан 10:51
Бөлісіңіз:
Өскеменде өрт шыққан үйден әйел мен бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өрт шыққан үйден әйел мен бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа қаулы: ШҚО-дағы мешіттерде жұма намазын оқуға шектеу қойылды ШҚО-да көктайғақ салдарынан бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды Оралда қос қабатты сауна өртенді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 07:41-де Славский атындағы жағалау көшесіндегі көпқабатты үйде өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті.

«12 қабатта орналасқан пәтердің лоджиясы өртенген. Оттегі маскасының көмегімен сол пәтерден екі адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар. Сондай-ақ көпқабатты үйден 8 адам эвакуацияланып, «Вахта» көлігіне орналастырылды. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталуда», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай құтқарушылар жалпы ауданы 25 шаршы метрге жеткен қызыл жалынды толықтай ауыздықтады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT