Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 55 адам құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты үйден 55 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 16.23-те Сәтбаев даңғылында орналасқан 10 қабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар екінші қабаттағы пәтердің төбесі, жеке заттар мен жиһаз жанып жатқанын көрді.

«Олар 55 адамға, оның ішінде 18 балаға оттегі маскасын кигізіп, автосаты арқылы құтқарды. Олар жылы «Вахта» көлігіне орналастырылды. Пәтер иесінің 7 жасар қызы күйген аазық түлікті жеп улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай жалпы ауданы 35 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 38 адам мен 12 техника жұмылдырылған. Жалынның шығу себебі анықталуда.


Соңғы жаңалықтар