USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 30 адам құтқарылды

2021 жылғы 2 желтоқсан 12:19
Бөлісіңіз:
Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 30 адам құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты үйден 30 адам, оның ішінде 14 бала қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: ШҚО-дағы стационарларда 200-ден астам адам емделіп жатыр Семейде өрт шыққан көпқабатты үйден 40 адам эвакуацияланды ШҚО-да сібір елігін атқан ер адам ұсталды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Көкжал Барақ көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келгенде подъез ішін көк түтін тұмшалаған.

«Олар бірден 30 тұрғынға, оның ішінде 14 балаға оттегі маскасын кигізіп, автосаты арқылы құтқарды. Өртті сөндіруге 30 адам мен 8 техника жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалынның шығуына – балалардың отпен ойнауы себеп болды», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Протозанов көшесіндегі көпқабатты үй тұрғындар 9-қабаттағы пәтерден шыққан түтінді байқаған. Олар дереу «101» қызметіне хабарласты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер сол пәтерге кіргенде жанып жатқан жиһазды көрген.

«Іште ешкім болмай шықты. Қауіпсіздік мақсатында өрт сөндірушілер алты адамды эвакуациялап, «Вахта» автокөлігіне орналастырды. Көп ұзамай жалпы ауданы 6 шаршы метрге жеткен тілсіз жау толықтай ауыздықталды», - делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT