+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Өскеменде Оралхан Бөкейдің жаңа мүсіні орнатылды

2021 жылғы 21 қыркүйек 16:52
Бөлісіңіз:
Өскеменде Оралхан Бөкейдің жаңа мүсіні орнатылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жазушы Оралхан Бөкейдің қоладан құйылған жаңа мүсіні орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда 700 мыңнан астам адам вакцина алды ШҚО-да биыл тұрмысы төмен және көпбалалы 1125 отбасы баспаналы болады Риддерде 70-тен асқан зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған

Бүгін Жібек маталар комбинаты ықшамауданында мұзтаудың мұзбалағы Оралхан Бөкейдің жаңа мүсінінің ашылу салтанаты өтті. Жастар мен Өтепов көшелерінің қиылысында орналасқан мүсіннің тұғыры граниттен жасалған. Жалпы биіктігі – 4,8 метр.

«Осы уақытқа дейін бұл тұғырда фибробетоннан жасалған кеудемүсін тұрды. Оның сапасы көңіл көншітпеді. Соған орай қоладан жаңа мүсін орнатуды жөн көрдік. Мүсін авторлары Нұрбол Қалиев пен Мейрам Баймұханов», - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Айта кетейік, Оралхан Бөкейдің кеудемүсіні Жібек маталар комбинаты ықшамауданында 2013 жылы орнатылған болатын. Дəл осы ауданда қаламгердің аты берілген №44 мектеп бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT