Өскеменде онколог-мамандар апта бойы тегін қабылдау өткізеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 4-8 сәуір аралығында «Денсаулық апталығы» жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 сәуірде аталып өтілетін Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өңір бойынша «Денсаулық апталығы» басталды. 4-8 сәуірі аралығында ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында тұрғындар еш ақысыз қарала алады. Ол үшін алдын ала жазылу және дәрігер жолдамасы қажет емес.

«Қабылдауды онкологиялық диспансердің жоғары білікті дәрігерлері, атап айтқанда, онколог, абдоминальды және торакальды хирургтар, маммолог, уролог, гинеколог-мамандар жүргізеді. Ниет білдірушілер сағат 14:00-ден бастап 17:00-ге дейін келе алады», - делінген орталықтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, медициналық мекеменің мекенжайы Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1-корпус. Қандай да бір сұрақтар болса 8(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар