Өскеменде мұз айдындары ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында мұз айдындары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысы Жақсылық Омардың айтуынша, коньки тепкісі келгендер Комсомол аралына және «Самал» саябағына бара алады. Сондай-ақ бүгіннен бастап «Алтай» стадионында мұз айдыны ашылған.

«Өскемендіктерге санитарлық талаптарды сақтау қажеттігі жайлы ескертеміз. Мұз айдынында міндетті түрде маска тағып жүру керек. Сонымен қатар конькилерді жалға беретін пункттерге бір мезетте кіретін адамдар саны шектеулі. Мысалы, Комсомол аралында - 5 адам, ал Алтайда - 10 адам», - деді әкім.

Мұз айдындары жұмыс күндері сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін, демалыс күндері 10.00-ден 23.00-ге дейін ашық болады.


Соңғы жаңалықтар