+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Өскеменде Мұқағали Мақатаев туралы көркем фильм түсіріліп жатыр

2019 жылғы 14 қазан 17:12
Бөлісіңіз:
Өскеменде Мұқағали Мақатаев туралы көркем фильм түсіріліп жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Қазақфильм» киностудиясы Өскеменде Мұқағали Мақатев туралы фильм түсіріп жатыр. Бұл ақпаратты Өскемен қаласының әкімдігі растады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Дәлірек айтсақ, түсірілім жұмыстары көктемде басталған болатын. Одан кейін Санкт-Петербор, Алматы шаһарларында жалғасты. Қазақ әдебиетінің классигі туралы көркем фильмнің режиссері — Болат Қалымбетов. Оның айтуынша, жаңа кинокартинада ақын өмірінің соңғы жылдары айшықталмақ. Ал Өскеменнің Стаханов, Металлург сынды көшелеріндегі ескі үйлер сол кездерге сай келетін көрінеді. Мамандар күзгі көріністерді түсіріп алу үшін шығыс шаһарына қайта ат басын бұрып отыр.

Осыған байланысты қаладағы трамвайлар уақытша тоқтатылғанын айта кетейік. Тұрғындар үшін аздаған келеңсіздік туындағанымен, көлік компаниясы жолаушыларға жағдайды түсіндіре алды. Рельс 30 минуттан күніне үш рет жабылған екен.

– Қаламызда Мұқағали Мақатаев туралы фильмнің біраз бөлігі түсірілді. Түсірілді дейтініміз, бүгінмен аяқталып отыр. Естеріңізде болса, көктемде де түсірілім жұмыстары жүргізілген еді... Осыған байланысты жол 30 минуттан үш мәрте жабылды. Енді болды. Келеңсіздік қайталанбайды, – деді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС-ның басшысы Михаил Чайка.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Оразай Жеңіс.

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT