Өскеменде мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген директор айыппұл төлеуі мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов ведомствоның аппарат кеңесінде пеагогтерді басы артық жұмысқа тарту фактілері туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы аптада Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының №46 мектептің педагогінен менің атыма арыз келіп түсті. Мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген. Қазіргі таңда факті бойынша тиісті жұмыс жүріп жатыр. Мектеп басшылығының кінәсі дәлелденген жағдайда әкімшілік жаза қолданылады», - деді комитет төрағасы.

Сондай-ақ, спикер педагогтерді басы артық жұмысқа тарту фактілерінің саны 200-ге жақындағанын атап өтті.

«Педагогтерді мұғалімге тән емес функцияларға тарту проблемасы да өзектілігін жоғалтпай тұр. Бүгінгі таңда біздің департаменттерде барлығы 182 факт тіркелген. Оның 93-і бойынша әкімшілік іс қозғалса, 100 факті аумақтық департаменттер жанындағы консультативтік кеңесші органдарда қаралып жатыр», - деді Ернұр Дауенов.


Фото: recruitmentagencynow.com

Соңғы жаңалықтар