+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Өскеменде монша кешені өртенді

2021 жылғы 19 қыркүйек 14:48
Бөлісіңіз:
Өскеменде монша кешені өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында монша кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп, ауаға азот диоксиді тарады Ақмола облысында мектептен өрт шықты Шығыс Қазақстанда бір күнде 5 өрт шықты

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау 19 қыркүйекте түнгі уақытта Өтепов көшесінде шыққан.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. От екі қабатты монша кешенінің бірінші қабатындағы бу бөлмесінің ағаш құрылымдарын шарпыған. Қызыл жалынның жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады. Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 13 адам мен 3 техника жұмылдырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тілсіз жаудың шығуына – пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында найзағайдан орманда өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT