Өскеменде Мишлен жұлдызын иеленген аспаздар француз тағамдарын даярлауды үйретеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменге әлемдік деңгейдегі аспаздар келе жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара 29-30 наурыз күндері Өскемендегі «Серебро» мейрамханасында өтеді. Франциядан аттай қалап алдырған екі маман да - шеф-аспаз лауазымына ие «Мишлен жұлдызының» жеңімпаздары.

Philippe Rocheron мен Gengo Vaca өскемендік мейрамхана аспаздарына жергілікті өнімдерден француз тағамдарын даярлауды үйретпек. Меймандар жергілікті аспаздар арасында байқау өткізіп, үздік атанған адамға Париждегі аспаздық мектептердің бірінде тегін білім алуға жолдама береді.

«Мишлен жұлдызын» аспаздық өнердің «Оскар» жүлдесі деуге болады. Әлемде аталмыш жұлдыздың 800-ге жуық иесі бар.

Ұйымдастырушылар аспаздар мен рестораторларды аталмыш мастер-класқа қатысуға шақырады. Барлық сұрақтар бойынша 8/7232/24-82-67 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар