+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Өскеменде мемлекеттік балабақшаларды жеке кәсіпкерлер басқарады

2019 жылғы 23 қазан 13:21
Бөлісіңіз:
Өскеменде мемлекеттік балабақшаларды жеке кәсіпкерлер басқарады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде мемлекеттік балабақшалар жеке кәсіпкерлердің басқаруына беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының орталығында өтетін инвестициялық форумда қарастырылатын негізгі бағыттардың бірі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары мен сенімді басқару». Қала билігі мемлекеттік балабақшаларды жеке кәсіпкерлерге 10 жылға дейін басқаруға беруді көздеп отыр. Бұл уақыт аралығында кәсіп иесі балабақшада жөндеу жұмыстарын өзі жүргізіп, қажетті жиһаздармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Бірақ балабақша ақысын қымбаттатып жібере алмайды.

– Балабақша ақысы өспейді. Себебі аталмыш мекемелер мемлекеттікі болып қала береді. Тек уақытша басқаруға беріледі. Дегенмен кәсіпкер балабақшада қосымша ақылы қызметтер ұсына алады. Біз оның балабақша ісін дамытудағы жоспарларын шектемейміз, – дейді Өскемен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Арман Мұқтарқанұлы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өскеменде 30 қазан күні инвестициялық форум өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есентай Айтұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT