Өскеменде мектептен жарылғыш зат табылған жоқ

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында мектептен жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 ақпанда сағат 16:10-да қаладағы мектептердің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына келді. Мектеп ұжымы мен оқушылар эвакуацияланған соң тексеру жұмыстары жүргізілді.

«Соның нәтижелері бойынша ғимараттан қандай да бір қауіпті заттар табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта бомба туралы жалған хабарлаған адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Мұндай қылмыс жасаған адамның 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендігін ескертеміз», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде тағы да мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түсіп, оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар