Өскеменде май зауыты өртеніп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласындағы май зауыты өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, 30 қаңтарда сағат 11.10-да Степная көшесіндегі май зауытының аумағында өрт шыққан. Қазіргі уақытта сол жерге тілсіз жауды ауыздықтауға 12 техника мен 50-ден астам құтқарушы тартылған. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, дәл қазіргі уақытта өрттің ауданы 200 шаршы метрді құрайды.

«Қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыды. Тасымалдауыш таспалар, қойма шатырлары жануда. Қосымша көмек те келіп жетті. Қазір 60 құтқарушы мен 19 техника сол жерде өрт сөндіруде» - делінген ведомство мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар