+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Өскеменде масайған ер адам биік көпірден өзенге секіріп кетті

2019 жылғы 27 наурыз 11:09
Бөлісіңіз:
Өскеменде масайған ер адам биік көпірден өзенге секіріп кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өскеменде көпірден өзенге секірген ер адамды сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар құтқарып алды.

Олардың арасында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Қазавиақұтқару» өкілі де болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Шығыс Қазақстан облыстың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Көпірден өтіп бара жатып, әрекеті күдікті ер адамды көзім шалды. Ол сырт киімін шешіп, көпірдің қанатынан асып өтті де, төмен қарай секіріп кетті. Мен бірден өзеннің жағасына жетіп бардым. Сол кезде тағы бір машина тоқтап, одан түскендер де көмекке асықты. Мен қолма-қол «112» бірыңғай диспетчерлік қызметіне қоңырау шалдым», - дейді Александр Кузовников.

Абырой болғанда, 18 метр биіктен секірген ер адам аман қалған. Оны өзеннің ағысы жағаға шығарды. Сол маңдағы тағы бір адам оны судан шығарып алды. Үсті-басы су. Жедел қызмет өкілдері жеткенше, азаматтар оны жылы киіндіріп үлгерген.

Сол кезде Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жетіп үлгерген. Анықталуынша, ер адам мас болған. Сырт белгілеріне қарағанда, оған ешқандай зақым келмеген. Оған тыныштандыратын дәрі берген соң, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Фото: yk.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT