Өскеменде мас жүргізушіге көлігін берген ер адам 20 тәулікке қамалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында мас жүргізушіге көлігін берген ер адам 20 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, патрульдік полиция батальонының тәртіп сақшылары мас күйінде рульге отырған Mercedes Benz көлігінің жүргізушісін ұстаған.

Тексеру кезінде көлік ішінде жеңіл дәрежедегі масаң күйде жолаушы ретінде автокөлік иесі отырғаны анықталды. Ол бұған дейін 3 жыл мерзімге автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты.

«Сот қаулысымен автокөлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 6 бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал мас жүргізуші 15 тәулікке темір торға жабылып, 7 жыл мерзімге автокөлік жүргізу құқығынан айырылды, - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.


Соңғы жаңалықтар