Өскеменде мас жүргізуші тізгіндеген көлік аударылып қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында спиртті ішімдік ішіп алып, рульге отырған ер адам жол-көлік оқиғасына тап болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 мамыр күні таңғы сағат 06.20 шамасында 35 жастағы ер адам «ВАЗ» маркалы автокөлігін мас күйінде тізгіндеген.

«Кенет ол рульге ие бола алмай қалып, көлік аударылып түсті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылған. Тиісті материалдар Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда көлік аударылып, 1 адам көз жұмған болатын.


Соңғы жаңалықтар