Өскеменде мас жүргізуші полиция қызметкеріне күш көрсеткен

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында мас күйінде көлік тізгіндеген ер адам тәртіп сақшысына бағынбай, күш көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 14 ақпанда түн кезінде болған.

«Полицейлер «Toyota Camry» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Анықталғандай, ішімдік ішіп, рульге отырған 30 жастағы қала тұрғыны осыған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Ұсталған кезде ол полиция қызметкеріне былапыт сөздер айтып, күш көрсетуден тайынбады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамап тастаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар