+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Өскеменде мас күйінде көлік тізгіндеген 24 жастағы жігіт дүкенге соғылды

2021 жылғы 19 қыркүйек 13:21
Бөлісіңіз:
Өскеменде мас күйінде көлік тізгіндеген 24 жастағы жігіт дүкенге соғылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны жүргізуші куәлігі болмаса да мас күйде көлік тізгіндеп, дүкенге соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда екі көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды Рульде полицей болған: Қарағандыда жол апатынан сәби көз жұмды Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекте түнгі сағат 01.00 шамасында болған.

ВАЗ автокөлігін тізгіндеген 24 жастағы жігіт жол апатына ұшырады.

Рульді басқара алмай қалған ол дүкеннің алдына соғылған. Нарколог дәрігердің қорытындысына сәйкес, ер адам жеңіл дәрежеде мас болған.

Сондай-ақ қала тұрғынының жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты.

Жол апатынан ешкім зардап шекпеді.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында көлік аударылып, 3 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT