Өскеменде мас күйде 3 көліктің соқтығысуына себепкер болған жүргізуші сотталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қалалық №2 соты мас күйінде рөлге отырып, жол-көлік оқиғасына себепкер болған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты өткен жылдың 3 қыркүйегінде Островский көшесінде орын алған. 1990 жылғы жігіт ащы судан ұрттап алып, Lexus RX300 маркалы автокөлікті тізгіндеген. Анықталғандай, ол 2018 жылы көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырылған екен.

«Айыпталушы қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Toyota Hilux Surf» көлігімен соқтығысады. Осының салдарынан оның артындағы «Toyota Corona Premio» көлігі де жол апатына тап болған. Сот барысында ер адам күні бойы ішімдік ішкендіктен сол кезде қайда бара жатқаны да есінде болмағанын айтты», - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сот үкімімен сотталушы үш жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, 126 250 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Айта кетсек, өткен жылы Президент мас жүргізушілерді қатаң жазалауды тапсырған болатын.


Соңғы жаңалықтар