Өскеменде мас адам жасөспірімді винтовкамен атып жаралады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде мас еркек пневматикалық винтовкамен 13 жасар баланы атып жіберді, деп хабарлайды, ҚазАқпарат Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 3 сәуір күні 18:36-да «102» телефонына 35 жастағы әйел хабарласып, 18:00 шамасында үйдің ауласында жүрген белгісіз біреулер бұзақылық жасап, беймәлім қарумен 13 жастағы баласын аяғынан атқанын айтқан.

Анықталғандай, бала сыныптастарымен бірге үйдің ауласында ойнап жүрген. Бір кезде тарс еткен дыбысты естіп, сол аяқ табанының қақсағанын сезеді. Бірақ балалар оқтың қайдан атылғанын білмей қалған. Ол кезде аулада олардан басқа ешкім болмаған.

Өскемен қаласы полиция басқармасы басшысының тапсырмасымен ауданда тінту жүргізілді.

Жедел шаралардың арқасында полицейлер өз пәтерінде отырған 68 жастағы қала тұрғыны мас күйінде ішкі істер органдарында тіркелмеген пневматикалық винтовкадан оқ атқанын анықтады.

Осы іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Соңғы жаңалықтар