Өскеменде макулатура қабылдайтын қойма өртеніп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде макулатура қабылдайтын қоймада шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖБ-ға сілтеме жасап.

ТЖБ мәліметінше, макулатура қабылдайтын қойма аумағы екі сағат бойы өртенген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер барған кезде шатырдың ағаш құрылымы, пластик ыдыстар, 30 тонна нығыздалмаған жиналмалы макулатура жанып жатқан.

«Өрт фронттық тиегішке тараған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 700 шаршы метрді шарпыған өрт 09:00-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге 13 техника мен жеке құрамның 48 адамы тартылды. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп түсіндірді ТЖБ-дан.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, мынадай нұсқалар қарастырылуда: электр құрылғысының апаттық режимі, электр құрылғысын пайдалану кезінде және монтаж жасағанда өрт қауіпсіздігінің сақталмауы және от жағу кезіндегі салғырттық.


Орал Ерланұлы


Соңғы жаңалықтар