Өскеменде макарон өнімдерінің тапшылығы жоқ – әкімдік

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының әкімдігі макарон өнімдерінің тапшылығы жоқтығын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Өскеменде макарон өнімдерінің тапшылығы сезіліп жатқаны жайлы ақпарат тарап кетті. Онда жазылғандай, тұрғындар дүкен сөрелерінен қанттан кейін жаппай макарон өнімдерін сатып ала бастаған.

Қала әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда дүкен сөрелерінде «Сәлем», «Цесна», «Сұлтан» және тағы басқа қапталған макарон өнімдері сатылып жатыр. Ешқандай дүрбелең, өнім тапшылығы жоқ. Сатып алушылардан ең көп сұраныс негізінен осындай қапталған өнімдерге түседі», - делінген мәліметте.

Әкімдік қызметкерлерінің дерегінше, сауда нүктелерінде макарон өнімдерін таразыда өлшетіп сатып алуға да болады.


Соңғы жаңалықтар