+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Өскеменде құтқарушылар гаражға қамалып қалған тұрғынға көмекке келді

2021 жылғы 20 маусым 14:01
Бөлісіңіз:
Өскеменде құтқарушылар гаражға қамалып қалған тұрғынға көмекке келді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны гаражға қамалып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жол апатынан 1 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алды ШҚО-да биыл Qoldau 24/7 қосымшасы арқылы 600-ден астам шағым түскен ШҚО-да ядролық полигонның жабылуына 30 жыл толуына орай халықаралық конференция өтеді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам Серікбаев көшесінде орналасқан гаражға қамалып қалған. Сондай-ақ гараж ішіндегі көлік оталып тұрған. Мұны сол маңнан өтіп бара жатқан куәгерлер байқап қалып, құтқарушыларға қоңырау шалды.

«Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен жедел құтқару жасағының қызметкерлері гараждың темір есігін бұзып ашты. Құтқарылған ер адамның денсаулығы қанағаттандырарлық жағдайда. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына оталып тұрған гаражда қалған жағдайда иіс тию қаупі жоғары екендігін ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT