Өскеменде құтқарушылар 8 гектар аумаққа жайылған өртті сөндіруге қайықпен аттанды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында құтқарушылар көлікпен жету ұзақ уақытты алатындықтан құрғақ шөпті шарпыған 8 гектар аумақтағы өртті ауыздықтау үшін қайықпен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 сәуір күні сағат 14.47-де Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің сол жағалауында шөп өртенгені жайлы хабар түскен. Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудың жалпы ауданы 8 гектарды құраған.

«Оқиға орнына өрт сөндіру көліктерімен жету көп уақытты алады. Сондықтан жеке құрамды жеткізу үшін қайықтар іске қосылды. Құтқарушылар арнайы техникадан басқа отты қаққыштар мен аспалы өрт сөндіргіштің көмегімен ауыздықтайды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнына барлығы 2 техника, 2 қайық және жеке құрамнан 10-нан астам адам жұмылдырылған.



Соңғы жаңалықтар