Өскеменде «Қуатты өңірлер - қуатты Қазақстан» форумы өтеді

None
None
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Ертең Өскеменде Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының өңіраралық ықпалдастығына арналған «Қуатты өңірлер - қуатты Қазақстан» форумы өтеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінен хабарлады.

Форум аймақтардың билік, бизнес және қоғамдық белсенді тұрғындарының «Қазақстан-2050» стратегиясының» міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі өзара қарым-қатынас жасау механизмдерін дамыту мақсатында өткізіліп отыр.

Форум жұмысы нәтижесінде жұртшылықтың әлеуетін пайдалана отырып, аймақтардың тиімді әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті негізгі бағыттар мен формалар, технологиялар мен инвестицияларды дамытуға қол жеткізіледі деп күтілуде.

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалық етуімен өтетін форумға орталық және жергілікті атқарушы билік органдары, даму, қаржы институттары, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының жүйеқұраушы кәсіпорындарының өкілдері қатысады..

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында инфрақұрылымды екі бағытта дамыту қажеттігін айтқан болатын. Ол, алдымен, ұлттық экономиканы ғаламдық ортаға ықпалдастыру болса, екіншіден, ел ішіндегі аймақтарға жылжу. Аймақтар ықпалдасуы ел экономикасын дамытудың негізі болуы тиіс.

Шығыс Қазақстан облысының өңіраралық ықпалдастық туралы бастамасын төрт облыс қолдады: Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары. Бұл аймақтар бір жағынан аймақаралық серіктестікке өздері ниет білдірсе, екінші жағынан ел аумағының 39 пайызын құрайтын, республика тұрғындарының үштен бірі мекен етіп отырған, республикалық ЖІӨ-нің 19 пайызын қамтамасыз етіп отырған аса қуатты платформа.

Форумның жұмыс бөлігі «Алтай» технопаркінде өтеді, онда қатысушылар назарына облыстардың индустриялық-инновациялық мүмкіндіктерінің және кәсіпорындар өнімдерінің көрме-таныстырылымы ұсынылады. Пленарлық отырыста облыстар ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланады.

Соңғы жаңалықтар