Өскеменде қоймада шыққан өрт сөндірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы қоймада шыққан қызыл жалынмен 40-қа жуық өрт сөндіруші күресті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 ақпанда таңғы сағат 06.00 шамасында Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде қойманың жанып жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу келіп жетті.

«Ашық жалынға оранған қойма ішіндегі 2 жүк көлігі мен 1 жеңіл автокөлік те өртенген. Жылдам тараған қызыл жалынның жалпы ауданы 200 шаршы метрге жетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 38 адам және 11 техника жұмылдырылған», - делінген ақпаратта.

Екі сағаттан астам уақыт ішінде өрт толықтай ауыздықталды. Оттың шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар