USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Өскеменде көшеде ер адамды бірнеше жерден пышақтап кеткен

2021 жылғы 3 желтоқсан 13:14
Бөлісіңіз:
Өскеменде көшеде ер адамды бірнеше жерден пышақтап кеткен

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көшеде бірнеше жерден пышақталған ер адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жанып жатқан үйден екі газ баллоны шығарылды ШҚО-да 136 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті Павлодарда балық аулауға барған ер адам мұз астына түсіп кетті

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға Назарбаев даңғылы бойында белгісіз ер адамның жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер оның 35 жастағы шаһар тұрғыны екенін анықтаған. Екі жақ кеудесіне пышақ кірген азамат ауруханаға жеткізілді.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдікті ретінде зардап шегушінің 48 жастағы танысын ұстады. Тергеу барысында сол күні кешке ер адамдардың алкогольді ішімдік ішкені белгілі болды. Кенет екеуі сөзге келмей қалғанда күдікті қолына пышақ алып, жәбірленушіге бірнеше рет сұғып жіберген», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT