Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 352.54 EUR 415.15
RUB 5.31 CNY 51.53
Жаңалықтар

Өскеменде көршісінің көлігін айдап кеткен адам Ертіске батып кетті

2017 жылғы 9 қараша 16:39 1819
Бөлісіңіз:
Өскеменде көршісінің көлігін айдап кеткен адам Ертіске батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында көршісінің көлігін айдап кеткен 43 жастағы ер адам Ертіс өзеніне батып, мерт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 5 қараша күні тіркелген.

«Сол күні «102» нөміріне 1967 жылғы облыс орталығының тұрғыны (әйел) қоңырау шалып, көршісі ВАЗ-2101 (Жигули) көлігін айдап кеткенін айтып шағымданған. Хабарламаны алғаннан кейін құқық қорғаушылар іздеуге шыққан кезде көлікті Ертіс өзенінен тауып алған. Көліктің ішінде 1974 жылғы көлік иесінің көршісінің мәйіті табылған», - дейді

Ертіске аталған азаматтың қалайша батқанын, көліктің өзенге қалай тап болғанын тәртіп сақшылары қазіргі уақытта анықтау үстінде. Арнайы сараптама тағайындалды.

«Болжам бойынша, көлік Понтонный көпірінің үстінен келе жатып, жолдан тайып кеткен. Тәртіп сақшылары істің толық мән-жайын анықтап жатыр», - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен.

Иллюстрациялық фото

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат