+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Өскеменде коронавирусқа қарсы вакцина салатын жаңа пункттер ашылды

2021 жылғы 18 маусым 01:10
Бөлісіңіз:
Өскеменде коронавирусқа қарсы вакцина салатын жаңа пункттер ашылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алуға болатын жаңа пункттер ашылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында вакцина салдырғандар саны 135 мыңнан асты Елордада балалар коронавируспен жиі ауыра бастады - инфекционист дəрігері Қарағандыда КВИ жұқтырып, өкпесінің 60% зақымданған жүкті әйел дені сау бала босанды

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, шаһар бойынша бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы вакцина алуға болатын 25 пункт жұмыс істеп тұр. Вакцинация пункттері кәсіпорындар мен сауда орталықтарында да ашылған. Тұрғындар аталған пункттерге барып еш ақысыз жұқпалы дертке қарсы екпе ала алады.

«Жаңа вакцинация пункттері «АДК», «Император», «Евразия» сауда ойын-сауық орталықтарында және №15 орта мектеп ғимаратында ашылды. Сондай-ақ қала жұртшылығына екпе алу үшін vaccine-uk.kz сайты арқылы алдын ала жазылуға мүмкіндік бар», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын вакцина алуға шақырған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT