Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 8 адам эвакуацияланды
2021 жылғы 25 мамыр 10:30

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 8 адам эвакуацияланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында бесқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 8 адам оның ішінде 4 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Маяковский көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті.

«Құтқарушылар түтін тұмшалаған подъезден 8 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Анықталғандай, пәтерде тұрмыстық техника мен жиһаз жанып жатқан. Көп ұзамай тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Пәтер ішінен хаски итінің өлексесі табылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына электр құрылғыларын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT