Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 101 қызметіне Потанин көшесіндегі көпқабатты үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар түтін басқан подъезден 30 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

«Белгілі болғандай, пәтерлердің біріндегі балконда қоқыс жанған. Көп ұзамай жалпы ауданы 3 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Отпен күреске барлығы жеке құрамнан 24 адам мен 7 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Соңғы жаңалықтар