+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

2020 жылғы 18 қыркүйек 11:02
Бөлісіңіз:
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада көлік полицейі бір отбасын өрттен аман алып қалды Жер үйдегі өрт бір адамның өмірін қиып кетті – ШҚО Балкон жиегінде тұрған экстрамал жұртты шошытты

Шыңыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 қыркүйек күні түнгі сағат 23:00-дер шамасында Бурова көшесіндегі көпқабатты үйде қызыл жалын шыққан. Тілсіз жау бірінші қабат балпалдағындағы электрқалқанды шарпыды.

Оқиға орнына келіп жеткен №6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері ең алдымен тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Құтқарушылар түтін басқан подъезден 30 тұрғынды, оның ішінде бес баланы сыртқа шығарған.

«Жалпы аумағы 0,5 шаршы метрді құраған өрт сағат 23:20-да сөндірілді. Электр есептегішінің пластикалық бөлшектері жанған. Зардап шеккендер болған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT