+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Өскеменде көпқабатты үйде өрт шығып, 30-дан астам адам эвакуацияланды

2020 жылғы 21 қараша 16:31
Бөлісіңіз:
Өскеменде көпқабатты үйде өрт шығып, 30-дан астам адам эвакуацияланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 30-дан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да Ресейден келе жатқан жүк көлігі жол жиегіне түсіп кетті Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, қарт әйел зардап шекті Павлодарда баласын далаға тастап, қашып кеткен әйелге қылмыстық іс қозғалды

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше түнде Крылов көшесіндегі тоғызқабатты үйдің 4 қабатында орналасқан пәтер лоджиясында өрт шыққан. Пәтер иесі жалынды өзі сөндірмек болды. Алайда онысынан түк шықпағандықтан өрт сөндірушілерге хабарласқан.

«Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. 34 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көп ұзамай жалпы ауданы 6 шарты метрді құраған өрт өшірілді. Өрт сөндірушілер оттың пәтер ішіне тарап кетуіне жол бермеді. Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудың шығу себебі – тоңазытқыштың тоқ өткізгіш элементтеріндегі апаттық жұмыс режимі себеп болуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT