Өскеменде көпқабатты үйде өрт болды, бір адам ажал құшты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде көпқабатты тұрғын үйде болған өрт 72 жастағы әженің өмірін қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап.

Оқиға кеше кешкісін болған. Шақыртуға жеткен өрт сөндірушілер төртінші қабаттағы пәтердің еденінде ес-түссіз жатқан зейнеткерді тапты. Қою қара түтін дәл осы пәтерден шыққан, есігі айқара ашық болған. Зардап шегуші шұғыл түрде эвакуацияланған.

Өкінішке қарай, дәрігерлердің әжейді өмірге қайтару үшін жасаған әрекеттері нәтижесіз болды.

Көрші пәтерлердің тұрғындары да қауіпсіз жерге көшірілді.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жазатайым оқиғаға өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.

Соңғы жаңалықтар