Өскеменде көпқабатты үй алдында 25 жастағы жігіттің мәйіті табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көпқабатты үй алдында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәйіт Потанин көшесіндегі көпқабатты үй алдынан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм өзіне қол салған.

Көпқабатты үй тұрғындары терезе астынан ер адамның денесін көріп, полицияға қоңырау шалды. Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл келіп жеткен. Қазіргі уақытта марқұмның кім екендігі анықталып жатыр. 1996 жылғы жігіт Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты.

«Ер адам терезеден секіріп, өзіне қол салған болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Істің мән-жайы тексерілу үстінде», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар