Өскеменде көпірден секірмек болған қыз құтқарылды
2022 жылғы 10 мамыр 16:38

Өскеменде көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар суицидтің алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңертең көлік жүргізушілері Ертіс көпірінен секірейін деп тұрған қызды байқап, полицияға хабар берген.

Оқиға орнына шұғыл түрде құтқарушылар мен тәртіп сақшылары жетті. Олар 23 жастағы қызды сөзге тарта бастады. Сол уақытта ТЖД қызметкерлері рация арқылы қайық шақырды.

«Қыздың көңілі сәл ауланған сәтте құтқарушылар мен полицейлер жылдам әрекет етіп, оны ұстап алды. Содан кейін қауіпті аймақтан алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген ақпаратта.

Қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр. Оның не себепті өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 6 адам мерт болғаны хабарланған.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT